АҚШ президенті Дональд Трамп футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы өткен стадионнан кеткеннен кейін америкалық әскер Иранға кезекті соққысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АҚШ президентінің ресми жұмыс кестесіне сәйкес, Дональд Трамп Нью-Джерсидегі MetLife стадионынан жергілікті уақытпен сағат 18:59-да шыққан. Бір минуттан кейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағына жаңа соққы толқыны басталғанын жариялады.
Бұл АҚШ әскерінің Иранға қатарынан тоғызыншы түн жасаған шабуылы болды. Axios басылымының мәліметінше, үш сағатқа созылған операция кезінде Иранның әскери басқару орталықтары, әуе қорғанысы мен жағалауды бақылау жүйелері, теңіз күштерінің нысандары, зымырандар мен дрондарды ұшыру алаңдары және байланыс желілері соққыға ұшыраған.
CENTCOM операция Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен азаматтық теңізшілерге шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету мақсатында жүргізілгенін мәлімдеді.
Вашингтонға оралған Дональд Трамп америкалық әскер Иранға «өте ауыр соққы» жасағанын айтты.
Біз бүгін кешке оларға тағы да өте ауыр соққы бердік. Мұны қаза тапқан америкалық сарбаздардың құрметіне жасадық, – деді Трамп журналистерге. Оның сөзін TRT World келтірді.
Алайда CENTCOM операцияны Трамптың стадионнан шыққаннан кейін берген арнайы бұйрығымен бастағанын мәлімдеген жоқ. Ресми деректерде әскери шешімнің нақты қай уақытта қабылданғаны көрсетілмеген.
Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Трамп матчтан кейінгі марапаттау рәсіміне қатысып, жеңімпаздарға медаль табыстады.
Тағы оқи отырыңыз:
АҚШ Иранның екі провинциясына соққы жасады: қаза тапқандар бар
Трамп Канадаға жаңа тарифтер енгіземін деп қорқытты