Төтенше жағдай. 13 құқық қорғаушы қаза тапты

6 Қаңтар 2022, 15:38
978
Бөлісу:
Төтенше жағдай. 13 құқық қорғаушы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда басы кесілген екі полиция қызметкерінің мүрдесі табылды. Бұл жайында Алматы қаласының комендатурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Комендатура хабарына сәйкес, сағат 13:00-дегі мәліметтер бойынша қалада терроршылардың қолынан құқық қорғау органдарының 353 қызметкері зардап шегіп, 13 құқық қорғаушы қаза тапты. Олардың ішінде екеуінің мүрдесі басы кесілген күйінде табылды. Комендатураның атап өтуінше, дәл осы жайт Алматыға шабуылдаған бандылардың іс-әрекеті терористік және экстремистік сипатта екендігін тікелей дәлелдейді.

Бүгін таңертең атыс қарумен қаруланған бандиттер тобы Алматыдағы №1 және №7 көбейінді клиникалық ауруханасын қоршауға алған.

Қала комендатурасының ақпараты бойынша терроршылар жедел жәрдем көлігімен келген науқастарды және медицина қызметкерлерін ауруханаларға жібермей жатыр.

Өзгелердің жаңалығы