Торғай өңіріндегі бауырларымыз жол азабын тартып отыр. Депутат министрді сынға алды

17 Қазан 2022, 13:37
1196
Бөлісу:
Торғай өңіріндегі бауырларымыз жол азабын тартып отыр. Депутат министрді сынға алды

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаевты сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат министрге бастаусыз қалған Астана-Арқалық жол жобасын еске салып, Торғай жұртының назын жеткізді.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазақтың қаймағы бұзылмаған, зиялылары шыққан өңірдің бірі Торғай. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Торғай өңіріндегі бауырларымыз осы бір жол азабын тартып жатыр. Бұл бәріне белгілі, ешкімге жасырын емес. Егерде есіңізде болатын болса, Үкіметте Астана-Арқалық қалаларының арасындағы жаңа жоба жұмысын бастау мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі  таңда бұл жобаның тағдыры қандай?, - деп сұрақ қойды Бекжанов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министінің сөзінше, Астана-Арқалық бағытында жол торабы ауқымды жобалардың бірі.

Астана-Арқалық жолын 2021 жылы бастаймыз деп жоспарлағанбыз, бірақ қазіргі бастаған жұмыстарымызды толығымен аяқтайық деген шешімге келіп отырмыз. Қазіргі таңда 11 мың шақырым жолды жөндеп жатырмыз. Келесі жылға дейін аяқтасақ, жаңа жобаларға көшеміз деп ойлап отырмыз, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы