Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді

3 Қараша 2023, 18:02
623
Бөлісу:
Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді
Өзгелердің жаңалығы