Тоқаев Жапония премьеріне өртке байланысты көңіл айтты

20 Шілде 2019, 13:00
1627
Бөлісу:
Тоқаев Жапония премьеріне өртке байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Өзгелердің жаңалығы