Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13 Мамыр 2025, 12:34
529
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы