Тоқаев сапары: Сауда бағытының төте жолы қарастырылуы мүмкін – сарапшы

24 Тамыз 2022, 14:40
1414
Бөлісу:
Тоқаев сапары: Сауда бағытының төте жолы қарастырылуы мүмкін – сарапшы

Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті Олжас Бейсенбай айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

27 тамызда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ресми дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толады. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге іс-сапары символикалық мәні жоғары. Жалпы, Әзербайжан мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасы тереңде, және Әзербайжан Кавказдағы бірден бір серіктес ел. Мемлекет басшысы кездесулердің бірінде «татулық таусылмас – бақыт» деген еді. Бұл сөз серіктес Әзербайжанға да қатысты деген ойдамын, - деді саясаттнушы.

Сарапшының айтуынша, екі ел 2005 жылдан бері стратегиялық серіктес ретінде тығыз байланыста. Сапардағы негізгі мәселе Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы болмақ.

Мұны Президенттің іс-сапары аясында жеке талқыланады деп ойлаймын. Транскаспий көлік дәлізінің бағыты Қытай-Қазақстан және Әзербайжан мен Грузия арқылы Еуропа мемлекеттеріне жетеді. Бүгінгі күні бұл қауымдастыққа 20-дан аса компания, 8 мемлекет кіреді. Ал біздің ел Еуропа мен Азияның арасындағы ірі экономикалық орталықтың бірі болғандықтан біз үшін бұл бағыт альтернативті тиімді жол болады. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда геосаяси жағдай шиеленісіп тұр, - деді Бейсенбай.

Олжас Бейсенбай Транскаспий көлік бағытының маңыздылығына тоқталды.

Мәселен, Баку — Тбилиси — Карс теміржолы арқылы Қытайдан Түркияға жететін тауардың жеткізілуін 12 күнге дейін қысқартуға болады. Биылдың өзінде 4 айда осы бағыт бойынша 733 мың тоннаға жүк тасымалданған. 2022 жылы Транскаспий халықаралық бағыты бойынша тасымалданатын жүк көлемі 3,2 млн тоннаға жеткен. Осының өзі бұл бағыттың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы