Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатына тарихи жолдамамен шығуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевке сөз бермес бұрын спорт саласындағы тарихи жеңісімен – ұлттық құраманың футболдан 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына өткенімен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл – өзбек футболы үшін үлкен жетістік, - деп құттықтады Президент.
Еске сала кетейік, бүгін Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев “Орталық Азия – Қытай” саммитіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.
Саммит жұмысына Орталық Азия елдерінің басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысып жатыр.