Тоқаев Қытай Жаңа жылы мен қысқы Олимпиаданың басталуына қатысты пікір білдірді

25 Қаңтар 2022, 15:56
1825
Бөлісу:
Тоқаев Қытай Жаңа жылы мен қысқы Олимпиаданың басталуына қатысты пікір  білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Достық пен көршілік қарым-қатынас, өзара ынтымақтастық одан әрі де біздің елдеріміздің дамуына қызмет етеді деген сенімдемін. Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен қытай халқын келе жатқан Қытай Жаңа жылымен құттықтаймын. Сондай-ақ 4 ақпанда басталатын XXIV қысқы Олимпиадасының басталуымен құттықтаймын. Олимпиаданың «Бірге, бірлескен болашақ үшін!» ұраны Орталық Азия мен Қытайдың бірлескен тұрақты дамуына бағытталсын, - деді Тоқаев. 

Айта кетейік, шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мемлекет басшылары қатысып жатыр. 

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. 

 

Өзгелердің жаңалығы