Тоқаев Қазақстанды IT елге айналдыруды тапсырды

1 Қыркүйек 2023, 11:57
1317
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстанды IT елге айналдыруды тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлетінімізді білесіздер. Біздің алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр – Қазақстанды IT елге айналдыру. Бізде цифрландыру саласындағы жетістіктер бар. Біз электрондық үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз, - деді Президент деді халыққа арнаған Жолдауында.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Биылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Бірақ бұл шектеу емес.

Үкіметтің жаңа міндеті - 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу. Бұған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу жәрдемдеседі. Үкімет бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар енгізуі керек, - деп тапсырма берді Тоқаев Үкіметке.

Өзгелердің жаңалығы