Елордада өтіп жатқан “Орталық Азия – Қытай” екінші саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиында қандай мәселелер талқыланатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сиань қаласында екі жыл бұрын өткен алғашқы "Орталық Азия – Қытай" саммиті аймақтық ынтымақтастықтың жаңа форматын бастап берді. Бұл тарихи басқосу өңір елдері арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруға жол ашты, - деді Президент.
Бүгінде аймақ елдері өзара сенімді нығайтуға және жан-жақты серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беріп отыр.
Алдағы саммит барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестіктің келешегін талқылап, өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасуды жоспарлап отыр, - деп атап өтті Тоқаев саммиттің ашылуында.
Еске салайық, осыған дейін Астанада "Орталық Азия – Қытай" саммиті басталғаны хабарланған.