Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада "Орталық Азия – Қытай" саммиті басталды

17 Маусым 2025, 16:08
891
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен “Орталық Азия – Қытай” екінші саммиті басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға аймақтағы мемлекеттер басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы қатысып жатыр. Саммитте Орталық Азия елдері мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективасы талқыланады.

Бұған дейін Тәуелсіздік сарайы саммит өткізуге қызу дайындалып жатқанын жаздық. 

Сарапшылардың пікірінше, "Орталық Азия – Қытай" форматы өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 

Еске сала кетсек, 2023 жылы мамырда “Қытай-Орталық Азия” бірінші саммиті Қытайдың Сиань қаласында өткен болатын. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты. Ал жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Өзгелердің жаңалығы