Тоқаев көңілі толмайтын жұмысты атады

7 Ақпан 2024, 11:04
797
Бөлісу:
Тоқаев көңілі толмайтын жұмысты атады
Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің кіріс бөлігіне де тоқталып өтті.

Қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерім болуын қамтамасыз етуі керек. Алайда, бизнес қауымдастығында бұл құжат, ең алдымен, салық мөлшерлемесін өсіруді көздейді деген пікір қалыптасып отыр, - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажеттігін айтты.

Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін, - деді Президент кеңейтілген отырыста.

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне көңілі толмайтынын айтты.

Бұрынғы Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің орнына салықты көтеріп, қазынаға қосымша қаржы түсіреміз деген уәжді алға тартатын. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына Мемлекет басшысы ретінде менің көңілім толмайды, - деп атап өтті Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы