Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты

23 Наурыз 2022, 15:24
1398
Бөлісу:
Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

 Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды, — делінген жеделхатта. 

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Өзгелердің жаңалығы