Тоқаев депутаттардың жұмысында жаңа стиль пайда болғанын айтты

1 Наурыз 2022, 12:12
1335
Бөлісу:
Тоқаев депутаттардың жұмысында жаңа стиль пайда болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтты.

Қажет болса, нақты Үкімет мүшелеріне, әкімдерге сенім білдіру мәселесін көтеру керек. Барлық деңгейдегі партия депутатының рейтингі, ең алдымен, дайындалған есептерге емес, нақты істерге, азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек, - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, олардың жауапкершілік аясын кеңейту үшін барлық сайлау топтарына фракциялар депутаттарының арасынан кураторлар тағайындау қажет. 

Жақында Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап келді. Мен бұл жұмысты бақыладым. Осы ретте айта кетейін, олардың жұмысында жаңа стиль, жаңа мазмұн пайда бола бастады. Бұл қазірдің өзінде байқалып келеді. Ресми кездесулер, сайлаушылармен тікелей байланыстар азайды. Депутаттар азаматтардың нақты мәселелеріне үңіле бастады. Бұл тәсілді жан-жақты нығайту және дамыту қажет, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы