Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді

4 Наурыз 2024, 17:04
781
Бөлісу:
Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты бірқатар тапсырма берді
Фото: facebook.com/Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

️Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.

️Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сонымен қатар Талдықорғанда 2 балдық жер сілкінісі болды.

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бір адам зардап шеккені туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы