Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

4 Наурыз 2024, 16:32
2207
Бөлісу:
Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Мегаполис тұрғындары жер сілкінісінде қауіпсіз орындарды паналаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшсі.

Жер дүмпуінен кейін қабылдау пунктеріне мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жүгінген. Мысалы, №59 қабылдау пункті немесе  Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназияға 80-ге жуық адам келген. 

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай
Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

Мектеп қызметкерлері келген барлық адамдарды тіркеп, бірден қауіпсіз орындарға апарған. Пана іздеген қала тұрғындары мектептің бірінші қабатындағы кабинеттер мен спортзалға орналастырылған. Спорт кешенінде адамдарға арнап матрас та жайылған. 

Сондай-ақ, білім ордасында адамдар үшін асхана да жұмыс істеп тұр. Бұл қабылдау пунктіне келген адамдардың дені студенттер. Жақын маңда жатақханада не хостельдер тұратын студенттер осы жерден қауіпсіз пана тапқандарын айтады.

Алматыда 384 қабылдау пункті ашылды. Оның ішінде 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион бар.

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай
Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

Жер сілкінісі болған бойда халық осында жинала бастады. Олардың ішінде балалары мен үлкендері бар. Таңертеңнен бері 70 адам келіпті. Олардың ішінде балалар мен студенттер де бар. Адам болған соң кейбіреулері қорқып, үрейленіп жатыр. Ол кісілерге шайын беріп, қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндіріп жатырмыз, – дейді “Динамо” стадионының қызметкері Жұманов Қазыбек.

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

Ал жер сілкінісі орын алған сәтте балабақшадағы бүлдіршіндер де сыртқа шыққан. Қазір жағдай тұрақты, балаларды ата-аналары үйлеріне алып кеткен. 

Жер сілкінісі кезінде  барлық балаларды сыртқа алып шықтық. Біраз уақыт далада балалармен тұрдық. Қауіпсіздік шараларын пайдаланып, барлық заттарын алып шықтық. Біраз уақыттан кейін балаларды ата-аналары алып кетті. Қазір балабақшада бала қалған жоқ.  Бізде адамдарды қабылдау пункті бар. Есігіміз әрдайым ашық, – дейді Алматы қаласының №18 “Ертөстік” балабақшасының меңгерушісі Ельмира Тұрғынбаева.

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

Қала тұрғындары жер сілкінісен қорқып қалған. Қауіпсіз орындарды паналап, "Дабыл сөмкесін" өздерімен ала шыққан. 

Мен жер сілкінісі деп ойламадым. Жатқан жерімнен көтеріп түсірді. Қатты қорқып қалдым. Өткендегі жер сілкінісінен әсері күшті болды. Десе де қызыммен бірге үрейге бой алдырмай, үйден шықтық. Шыққан бойда баланы мектептен алып, бірден қабылдау пүнктіне келдік. Қазір жағдай тұрақты, қорқыныш басылды. Кешке үйімізге қайтамыз, – дейді Алматы қаласының тұрғыны. 

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай

Сейсмикалық бақылау мен Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы аумағында күшті жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.

«Сейсмикалық бақылау мен Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында, алдағы сәрсенбі күні, өтеді, – дейді Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде.

Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай
Жер сілкінісінен кейінгі Алматының жағдайы қандай
Өзгелердің жаңалығы