Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салды

8 Қыркүйек 2023, 17:12
598
Бөлісу:
Тоқаев Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ресми сапары аяқталған Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Албания Президенті Байрам Бегай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келген еді.

Кездесу барысында Тоқаев Қазақстан мен Албания арасында тікелей әуе қатынасын ашу туралы ұсыныс айтты.

Сондай-ақ Байрам Бегай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Албанияға ресми іссапармен келуге шақырған еді.

Өзгелердің жаңалығы