Тоқаев 4 министрді қызметінен босатты

1 Қыркүйек 2023, 17:07
1086
Бөлісу:
Тоқаев 4 министрді қызметінен босатты
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше министрліктің басшылары қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы