Түркістан облысында 40 секундта жанармай құю бекетін тонап кеткен

21 Қазан 2019, 09:54
4557
Бөлісу:
Түркістан облысында 40 секундта жанармай құю бекетін тонап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында екі адам жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органында хабарлағандай, оқиға бірнеше күн бұрын Сайрам ауданында болған. Қарақшылар таңғы сағат 5:45-те қосауыз мылтық және гал баллонымен қаруланып жанармай құю бекетіне кіріп келген. Олар операторға газ баллонын шашып жіберіп, күзетшіге мылтық кезеп, кассирді қорқытып кассадан 107 мың теңгені алып кеткен. Олар сыртта күтіп тұрған көлікке отырып, оқиға орнынан қашып кеткен. 

Кейін криминалды полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстап, қалған екеуінің кім екенін анықтаған.

"Оқиға таңертең болғандықтан, куәгерлер болмаған. Күдіктілер 40 секунд ішінде жанармай құю бекетін тонап кеткен. Олар өте жылдам әрекеттенген. Бұл қылмыс алдын ала ойластырылған. Үш адам да жергілікті, оның біреуі бұрын сотты болған. Тергеу әрекеттері жалғаса береді", - деді Түркістан облысы криминалды полиция басқармасының басшысы Құрманбек Сахов. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өзгелердің жаңалығы