"Томирис" фильмінің америкалық нұсқасының трейлері шықты

22 Шілде 2020, 09:20
1581
Бөлісу:
"Томирис" фильмінің америкалық нұсқасының трейлері шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Томирис" фильмінің АҚШ аумағында дистрибуция құқығын сатып алған Well Go USA компаниясы тарихи туындының америкалық трейлерін өзінің YouTube-арнасына жүктеді деп хабарлады "Қазақфильм"-нің баспасөз қызметі. 

Кино жаңалықтары туралы ақпарат тарататын танымал firstshowing.net сайтында жарияланған рецензияда мақала авторы экшн көріністерге, оқиға желісінің түпнұсқалығы мен басты кейіпкердің шынайылығы мен сомдаған рөліне таңданысын айтып, ағылшын тілді көрермендерге фильмді көруге кеңес береді.

Еске салсақ, кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

Өзгелердің жаңалығы