Тоқаев шенеуніктердің көліктерін алып қоюды тапсырды

26 Қаңтар 2021, 13:25
15324
Бөлісу:
Тоқаев шенеуніктердің көліктерін алып қоюды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға арналған қызметтік автокөліктердің санын азайтуды тапсырды.

Мен Үкіметке Президенттің іс басқармасына мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі туралы ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Олар елеулі қысқартуды қажет етеді, - деді Тоқаев.

 Ол бюджеттің қомақты қаражаты орталық мемлекеттік органдардың басшылары үшін көлік паркін ұстауға жұмсалатынын айтты.

Осылайша, орташа есеппен алғанда бір автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге жылына 6 миллионнан астам теңге жұмсалады. Бірқатар елде жеке көлік құралдарының орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәсіл «Самұрық-Қазына» қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартып, әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы