Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

25 Қараша 2021, 21:09
1061
Бөлісу:
Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей президентіне көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан 10 кенші қаза болған еді.


Өзгелердің жаңалығы