Тоқаев Путинге көңіл айтты

6 Шілде 2021, 21:07
5241
Бөлісу:
Тоқаев Путинге көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Президенттің жеделхатында.


Өзгелердің жаңалығы