Тоқаев Дәулет Сембаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

15 Қараша 2021, 16:03
789
Бөлісу:
Тоқаев Дәулет Сембаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дәулет Хамитұлы зауыт шеберінен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы қызметіне дейінгі үлкен өмірлік әрі кәсіби жолдан өтті. Оның еліміздегі қаржы секторын қалыптастыруға және дамытуға, ұлттық валютаны енгізуге, Тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы реформасын жүргізуге сіңірген еңбегі зор. Ол жаңа экономикалық саясаттың жолға қойылуына өлшеусіз үлес қосты. Парламент Сенатының депутаты, Қаржыгерлер ассоциациясы кеңесінің төрағасы ретінде қаржылық-экономикалық заңнаманы жетілдіру үшін ауқымды әрі тиімді жұмыс істеді, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Сембаевтың зор бедел мен құрметке ие болғанын және жас қаржыгерлер буыны оны үлгі тұтқанын атап өткен.

Өзгелердің жаңалығы