Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

21 Шілде 2021, 11:59
2497
Бөлісу:
Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды. Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше елімізге белгілі кардиохируг Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы