Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қалпына келтіруге атсалысуға шақырды

24 Желтоқсан 2020, 16:04
1620
Бөлісу:
Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қалпына келтіруге атсалысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.

Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы