Тоқаев Әселхан Қалыбекованың туыс-туғанына көңіл айтты

5 Шілде 2021, 20:01
2192
Бөлісу:
Тоқаев Әселхан Қалыбекованың туыс-туғанына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әселхан Әлішерқызы айтыс көкжиегінде шоқ жұлдыздай жанып, халқының сүйікті ақын қызына айналды. Саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап, жұртымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Соңында өшпес мұра қалдырды. Әселхан Қалыбекованың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінген жеделхатта.
Өзгелердің жаңалығы