Тоғжанов жұмыс сапары барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығында болды

27 Желтоқсан 2021, 17:37
1193
Бөлісу:
Тоғжанов жұмыс сапары барысында «Асыл Мирас» аутизм орталығында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында Алматыдағы «Асыл Мирас» аутизм орталығында болды. 

«Асыл Мирас» аутизм орталығының жаңа ғимараты Қонаев көшесі, 122 мекенжайда орналасқан. Орталықтың алаңын ұлғайтудың арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімдеу бағдарламаларымен қамтылатын болады. 

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жаңа орталықта болып, мамандардың жұмысымен танысты. «Асыл Мирас» 2015 жылы Болат Өтемұратовтың қоры ашқан Алматыдағы алғашқы аутизм орталығы болды. 

Өткен 7 жыл ішінде 2,8 мыңға жуық бала РАС белгілерін анықтау үшін диагностикадан өтті, 1,5 мыңға жуық бала білікті көмек алды. Орталық интервенцияның алты бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, олардың әрқайсысы әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардың тапшылығын анықтауға және жоюға бағытталған.

 Балаларға ынтымақтастық, сөйлеуді түсіну, визуалды қабілеттер мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін студиялық пәтердің кішірек нұсқасы болып табылатын өмірлік дағдыларды дамыту кабинеті жабдықталған. 

Сондай-ақ, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 30 орынды конференц-зал бар. Орталықтың барлық қызметтері тегін көрсетіледі. Қала әкімшілігі ұсынған жаңа ғимарат жыл сайын аутистикалық спектрдің бұзылуы (АСБ) бар балаларды тәрбиелеп отырған 300-ге жуық отбасын бейімдеу бағдарламаларымен қамтуға мүмкіндік береді.

Мамандар АСБ диагностикалауға көмектеседі және балада кері өзгеріс анықталған жағдайда, оны жетіспейтін өмірлік дағдыларды дамыту жөніндегі тиісті бағдарламаға тіркейді.

Болат Өтемұратовтың бастамасымен ашылған «Асыл Мирас» аутизм орталықтар желісі бүгінгі таңда Қазақстанның 9 қаласында табысты жұмыс істеуде. Жақын арада Тараз және Қарағанды қалаларында тағы екі орталық ашылады.

Өзгелердің жаңалығы