Тоғжанов: Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру уақыты келді

2 Наурыз 2022, 12:27
1128
Бөлісу:
Тоғжанов: Олимпиада резервін дайындаудың біртұтас жүйесін құру уақыты келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Олимпиада резевін дайындаудың біртұтас жүйесін құрудың уақыты келді. Бұл салада түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті әкімдіктер мен ғылыми институттар федерациялар спортшыларды даярлау барысында өздерінің міндеттері мен орындарын анықтап, оларды тиянақты орындауы тиіс, - деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Вице-премьер Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, 2025 жылға дейін халықтың жартысын дене шынықтырумен қамту көзделіп отырғанын жеткізді.

Осыған байланысты олардың қалай және қандай критерийлерге сәйкес есептелетіні мен үшін әлі беймәлім. Мен бұл сұрақтарды министрліктің алдына бір емес бірнеше рет қойдым. Соны нақтылауымыз керек. Жалпылама әңгіме айналасында жұмыс істейтін заман емес. Ондай заман жоқ. Сондықтан осы мәселені бірге қарастыруымыз керек. Осы орайда министрлікке Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, спортпен, оның ішінде дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың санын есептеудің нақты әдістемесін бекітуді тапсырамын, - деп мәлімдеді Ералы Тоғжанов. 

Өзгелердің жаңалығы