Тоқаев Ташкентте Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды

15 Сәуір 2019, 20:15
1916
Бөлісу:
Тоқаев Ташкентте Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойып, өзбек халқының азаттығы үшін күрескен бабалар рухына тағзым етті. Ташкенттің Мустакиллик алаңында орналасқан бұл монумент өзбек ұлтының бейбітшілік пен бостандыққа, мейірімділік пен тату көршілікке, достық пен бауырластыққа ұмтылысын айшықтайды.

***

Монумент ою-өрнекпен безендірілген металды сфера бейнесінде салынған және онда Өзбекстанның картасы бейнеленген. Қолында баласы бар бақытты ана мүсіні ескерткішке көрік беріп тұр.
Өзгелердің жаңалығы