Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

21 Маусым 2020, 11:07
1886
Бөлісу:
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді, - деп жазды президент Тwitter-дегі парақшасында. 


Өзгелердің жаңалығы