Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты

14 Мамыр 2019, 20:10
1828
Бөлісу:
Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі көрсеткіштері баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары-Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Б.Намаев қаладағы тұрғын үй салу, газбен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Байқоңыр» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі тұжырымдамамен танысты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездескені туралы хабарлағанбыз. 
Өзгелердің жаңалығы