Дәрігерлер Арыстағы жарылыстан қаза тапқан балаға қатысты пікір білдірді

2 Тамыз 2019, 16:18
2249
Бөлісу:
Дәрігерлер Арыстағы жарылыстан қаза тапқан балаға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Арыстағы жарылыстан кейін астанаға жеткізілген тоғыз жасар Аян Шәріпбаев Нұр-Сұлтан қалалық №2 балалар ауруханасында көз жұмды. 

Осы баланың өліміне қатысты Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі пікір білдірді.

«28 маусым күні Шымкент қаласынан 9 жастағы ауыр халдегі бала елордадағы
 екінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Әр түрлі дене жарақаты болды.Баланы аман сақтап қалу үшін бар жағдай жасалып, мамандар жұмылдырылды. Отандық дәрігерлерден бөлек, арнайы Мәскеуден нейрохирург маман шақырылды. Осы уақытқа дейін тиісті ем-шарамен қатар, 25 шілде күні оның басына ота жасалды», - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.

Айта кетейік, Аян 24 шілдедегі Арыста болған жарылыс кезінде алған мидың ауыр жарақатынан кейін комаға түскен. Бала санавияциямен елордаға жеткізілген.
Өзгелердің жаңалығы