Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айтты
6 Тамыз 2019, 00:30 1354

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.

«Д. Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын»,- деп жазды мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

РИА Новости хабарлағандай, АҚШ-та өткен демалыс күндері 3 атыс оқиғасы тіркелді. Алдымен Техас штатындағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 20 адам қаза болды, 26 адам жарақаттанды.

Одан кейін Американың Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, тоғыз адам қаза болды, тағы 26 адам жарақаттанды.

Үшінші оқиға Чикагода балалар ойнайтын алаңда болды. Атыстан салдарынан жеті адам жарақаттанды. 

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...