ТМД елдерінің сыртқы саяси ведомство басшылары 2023 жылға арналған жоспарды бекітті

13 Қазан 2022, 00:01
1898
Бөлісу:
ТМД елдерінің сыртқы саяси ведомство басшылары 2023 жылға арналған жоспарды бекітті

Бүгін елордада өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы барысында сыртқы саяси ведомство басшылары 2023 жылға арналған жоспарды бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылға арналған ТМД аясындағы  Сыртқы істер министрліктерінің Көпдеңгейлі консультацияларының жоспары түрлі тақырыптарды қамтыған. Атап айтқанда, Жоспар жобасында сыртқы саяси жоспарлау, ББҰ-дағы Достастық елдерінің ұстанымын үйлестіру, өзге халықаралық ұйымдармен әріптестік қаралған. Жаңа қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру, қарулану мен қарусыздандыру тақырыбын бақылау, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті, сондай-ақ ақпарат саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әріптестік бойынша кеңестер өткізу жоспарланып отыр.  

Сонымен қатар ведомство басшылары Сыртқы істер министрлігі консулдық қызметі жетекшілерінің Консультациялық кеңесінің, Достастық елдеріне мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің құқықтық қызмет басшыларының Консультациялық кеңесінің және қарусыздандыру мәселесі бойынша Бірлескен консультациялық комиссиясының отырысын өткізулері ықтимал. 

Сондай-ақ жаңа тақырыптардан «алыс доға», яғни Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен әріптестіктің өзекті мәселелері бойынша консультация ұйымдастыру ұсынылды. 

Айта кететін жайт, ТМД аясында Сыртқы істер министрліктері арасындағы көпдеңгейлі консультациялар 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол Достастық елдерінің саяси әріптестігінің маңызды құралына айналып отыр.  

Өзгелердің жаңалығы