TikTok эфирінде балағат сөз айтқан талдықорғандық әйел жазаланды

Тікелей эфирдегі әрекеті үшін жауапқа тартылды. Полиция әлеуметтік желідегі мониторинг кезінде нені анықтады?

 видеодан алынған кадр 12 Қазан 2026, 11:41
12 Қазан 2026, 11:41
111
Фото: видеодан алынған кадр

Талдықорғанда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде айтылған былапыт сөздерді анықтады. 

Эфирге қатысушының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын Маржан Бейсембекова болып шықты.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған айыппұл салынды.

️Полиция смартфон экраны адамның жауапкершіліктен жасырынуына мүмкіндік бермейтінін ескертеді. Сондықтан сақшылар әлеуметтік желі қолданушыларын қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және жариялайтын контентіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін де әлеуметтік желінің тікелей эфирінде боқтық сөз айтқан әйел сот алдында жауап берді. Талдықорған тұрғыны TikTok эфирінде бейәдеп сөздер қолданған. Полиция оның бұған дейін де осындай әрекеті үшін жауапқа тартылғанын анықтады.

Тағы оқи отырыңыз: Тікелей эфирдегі заңсыз контент: ІІМ қанша адамды жауапқа тартты? 

 

Наверх