Террористердің Алматыдағы қару-жарақ дүкенін қалай тонағаны айтылды

7 Қаңтар 2022, 14:05
1546
Бөлісу:
Террористердің Алматыдағы қару-жарақ дүкенін қалай тонағаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұзақылар Алматы қаласындағы 6 қару-жарақ дүкенін тонап кеткен. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметіне қарағанда, қару-жарақ дүкенінің күзетшісі Вадим Беленков тонаушылықтың қалай болғанын айтып берген.

Басында 10 адам келді, біз олармен сөйлестік, бәрі маска мен каска киіп жарақтанып алған. Сол сияқты олар оқ өтпейтін киімде болды. Содан соң тағы 60 адам келді, 20 машина бізді қоршап алды. Дүкендегі қару-жарақтың бәрін алып кетті. Бірақ, оқ-дәрілерге тиіскен жоқ, - деді Вадим Беленков.

Оның айтуынша, дүкендерге аңшылыққа қажетті қару-жарақтар сатылған. Және нақты қанша қару-жарақтың қолды болғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілгені туралы хабарлаған еді.

«ҚР Президентінің келісімімен ҰҚК Төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді. Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы