Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Баршамызға мәлім болғандай, тәртіпсіздіктер кезінде Алматы қаласы ең көп зардап шеккен, осы себептен және кәсіпкерлердің өтінішін ескере отырып, министрлік өңірлік полиция департаменттерінен жедел-тергеу және криминалистика бөліністерінің қызметкерлерін қосымша тартты. Нәтижесінде біз қысқа мерзімде барлық объектіні қарап-тексеруді аяқтап, оқиға орнын, бұзылуларды бекітіп, қажетті заттай дәлелдемелерді тәркілей алдық, - деді Әділов.
Ол атағандай, қазір ІІМ-нің криминалистері алынған іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басын анықтаумен айналысуда.
Тергеушілер 15 мыңнан астам тергеу әрекетін жүргізді, оның ішінде жәбірленушілерден, куәлар мен күдіктілерден жауап алу, беттестіру, қарап-тексеру, тінту және тағы басқалары. Тергеу органдарына дәлелдемелерді жинауға және құқық бұзушыларды ұстауға көмектесетін азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Мәселен, Алматы облысындағы елді-мекендердің бірінде тұрғындар ұрланған қарудың 6 данасын сату әрекетінің жолын кесіп, полицияға тапсырды, - деді ол.
Әділовтың айтуынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер қамауға алынды.
Олардың Алматыдағы әуежай ғимаратындағы сауда объектілерін тонауға да қатысы бары анықталды, - деді ол.