Теннисші қыздардың Федерация кубогына дайындығы қалай

5 Ақпан 2019, 12:16
2683
Бөлісу:
Теннисші қыздардың Федерация кубогына дайындығы қалай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 6-9 ақпанда Ұлттық теннис орталығында Федерация кубогы Азия/Тынық мұхиты аймағы алғашқы тобының ойындары өтеді. Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасы дайындығымен бөлісті. 

Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев баспасөз мәслихатында кортқа шығатын теннисшілердің дайындығына тоқталды. 

«Үкен жарыс. Ұлттық құрама команда мүшелеріне қарайтын болсақ ең мықты ойыншыларымыз жиналып отыр. Мақсатымыз – әлемдік плей-офф кезеңіне шығу. 2013 жылы, 2017 жылы әлемдік плей-офф кезеңінінің екінші тобына шықтық. Сондықтан жақсы мүмкіндік болып отыр. Теннисшілер жыл басынан бері көптеген жарыстарға қатысты, дайындықтары мықты. Бірінші ракеткамыз – Юлия Путинцева, екінші ракеткамыз – Зарина Дияс, жұптық ойынға Галина Воскобоева, мен дебютанттар Анна Данилина және Гозаль Айнитдинова шығады. Ең жас ойыншыларымыз кәсіпқой турнирлерге қатысып, енді-енді рейтингтегі орындарын жоғарылатуда. Нәтиже, тәжірибе жинады деуге болады. Олардың да мүмкіндігі болады. Зарина мен Юлия жекелей сын жүктелді. Қазіргі мақсат Тайланд командасын ұтып, Үндістанмен шығу. Галинаны жұптық ойынға дайындап жатырмыз. Біздің командамыз осы», - деді капитан.

Ол Қазақстанның қарсыластары осал емесін айтты. 

«Мықты командалар, есіңізде болса былтыр біз Үндістанда өткен финалда Жапония командасынан жеңілдік. Жапония кейін әлем тобына оралды. Сондықтан Азия-Тынық мұхиты аймағы өте мықты болып отыр. Қарсыластарымыз мықты, соның бірі – Үндістан. Финалға жетсек Қытай командасы түсіп отыр. Қытай командасының ойыншылары мықты. Өте қиын, әрі жақсы ойындар болады», - деді Досқараев.

Қыздар Астанаға жақында ғана келген. Олар Астананың ауа райына бейімделгенін, жақсы формада екенін айтты. 

«Былтыр Федерация кубогында Үндістанмен ойнап, жеңіске жетітм. Осыған дейін Алматыда болдым. Климат жақсы, тез бейімделдім. Бейсенбі күні Астанаға келдім», - деді Зарина Дияс.

Галина Воскобоева команадсына Дэвис Кубогында Португалия құрамасын жеңген жігіттердің жеңісін тіледі. 

«Жігіттер үшін қуаныштымын. Олардың жеңістері бізге жұғысты болса деймін. Кубок осымен Астанада екі рет өтті. Биыл аздап өзгеше. Осы жолы да осында өтетініне қуаныштымын, себебі трибунаның қолдауыөте үлкен рөл атқарады. Көп көрермен келіп, бізді қолдайды деп ойлаймын», - деді ол.

Азия/Тынық мұхиты аймағы тобында Қазақстан, Үндістан, Таиланд, Қытай, Корея, Индонезия, Тынық мұхиты өзара мықтыны анықтайды. Қазақтан ұлттық құрамасының барлық матчы 6, 8, 9 ақпан күндері 11:00-де басталады. Финал 11 ақпан күні өтеді.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы