Теміржол билеттерінің онлайн сатылымы 75%-ға дейін өсті

25 Шілде 2023, 17:38
731
Бөлісу:
Теміржол билеттерінің онлайн сатылымы 75%-ға дейін өсті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Электрондық теміржол билеттерін сату үлесі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 75%-ға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артып отыр. Керісінше жол жүру құжаттарын билет кассалары арқылы сату көрсеткіші 25%-ға төмендеді.

Теміржол билеттерін онлайн режимінде билеттерді сату жөніндегі ресми bilet.railways.kz порталынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді қайта сатумен байланысты заңсыз әрекеттерді жасау мүмкін емес. Билеттерді сатудың қолданыстағы электрондық жүйесі пайдаланушыларға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді, - делінген компания хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы