Темекі тұқылын автокөлік терезесінен лақтырған жүргізушілерге ескерту жасалды

5 Тамыз 2022, 15:05
1050
Бөлісу:
Темекі тұқылын автокөлік терезесінен лақтырған жүргізушілерге ескерту жасалды

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде елордалық полицейлер автокөліктің терезесінен темекі тұқылын жолдың жүру бөлігіне лақтырған жүргізушілерді анықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен бір күннің ішінде тәртіп бұзған төрт жүргізуші анықталды. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сәйкес бұзушыларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. 

Осы жылдың басынан бастап жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 620-бабы бойынша 555 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.   

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 8,5 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Оның ішінде қарсы жолаққа шыққаны үшін 41 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған сигналына көше қиылысынан өткені үшін 256 жүргізуші ұсталды. 

Сонымен қатар, 216 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген және  басқару құқығы жоқ 129 жүргізуші анықталды.

Өзгелердің жаңалығы