Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

25 Мамыр 2022, 18:01
1479
Бөлісу:
Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның  телевизияның жас мамандарына арналған Медиамектебінің алғашқы түлектеріне сертификат табысталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров түлектерді құттықтай отыра сертификаттарды табыстады.

Біздің қатарымызға жаңадан әріптестер қосылды. 7 айдың ішінде маман дайындап шығарылды. Резервте тұрған мамандар да бар. Бұл-жақсы бастама. Болашақта біз мұндай тәжірибені өзге медиа да пайдалануды жоспарлап отырмыз.  Медиа саласы күнде өзгеріске ұшырайды. 20 жыл бұрын интернет-портал БАҚ ретінде саналмайтын. Қазір оны дәстүрлі БАҚ-қа жатқызамыз,- деді Омаров.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

Министр атағандай, Balapan телеарнасы былтыр анимация мектебін ашты.

Ол мектептен 30-дан астам маман оқып шықты. Біздің анимация мектебіне Түркия да қызығушылық көрсетті. Олардың жастарын жа оқытуды ұсынды. Ертең осы отырған жастар  медианың әр саласында белді маман болып отыратынына сенімдімін,- деді ол.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

Өз кезегінде Телерадиокешеннің басқарма төрайымы Ләззат Танысбай 7 айлық оқыту өз мәресіне жеткенін айтты.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

Біздің мақсатымыз - тәжірибемен, біліммен бөлісу, қарашаңырақтағы кадрлар сабақтастығын жалғау. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия мамандарына арналған медиамектебінің жұмысы тұрақты түрде жалғасатынын хабарлаймыз. Ірі медиақұрылым ретінде еңбекке енді араласатын жас мамандарға қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

Медиамектептің алғашқы түлектері сабақ берген мамандарға ризашылығын білдірді.

Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған республикалық тұңғыш медиамектеп 2021 жылғы қараша айында жұмысын бастады.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады

7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық курстардан өтті.  

Шарада «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның құрылымдарына қызметке және  кадрлық резервіне қабылданатын қатысушылардың есімдері аталады.

Телевизия мамандарына арналған тұңғыш медиамектепті алғашқы түлектер аяқтады


 

Өзгелердің жаңалығы