Telegram арқылы вейп сатқан қостанайлық бас бостандығынан айырылды

18 Қазан 2024, 09:30
376
Бөлісу:
Telegram арқылы вейп сатқан қостанайлық бас бостандығынан айырылды
VIDEO
Фото: скрин\@afm_rk

Қостанай облысының аумағына вейптерді, оған арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы ел аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелгені анықталды. Вейптер Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған.

Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 000 теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Тәркіленген вейптер жойылады.

Өзгелердің жаңалығы