Техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары – ректор

9 Маусым 2021, 14:18
2196
Бөлісу:
Техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары – ректор

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыдағы Елбасы білім алған Қарағанды техникалық университетінде білім алушылардың қатары соңғы үш жылда 25 пайызға өскен. Білім ордасының басшылығының айтуынша, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.

Қарағанды техникалық университеті бүгінгі таңда ірі әрі жетекші оқу орындарының бірі болып саналады. Университет басшылығының айтуынша, білім ордасы сенімді дамып келе жатыр.

Біздің университет 1953 жылы құрылған. Содан бері университетті 100 мыңнан астам түлек бітіріп шықты. Олардың ішінде белгілі саяси қызметкерлер, еліміздің ірі кәсіпорындарында, ғылым саласында қызмет етіп жүрген өз ісінің мамандары бар. Университеттің ерекше мақтанышы - 1962-1965 жылдар аралығында біздің университтете ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім алған,- дейді ҚарТУ ректоры Марат Ибатов.

Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуына, оқытушылардың жалақысын көтеруге, студенттердің шәкіртақысына және басқа да салаларға мемелекет тарапынан қолдау жасалуда. Бұның барлығы білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Тоқсаныншы тоқырау жылдары техникалық мамандықтарға деген сұраныс күрт азайып, жастар заңгер, экономист болуға ұмтылатын еді. Алайда, бұл мамандықтар бойынша диплом алған түлектердің көпшілігі жұмыс табуда қиындықтарға кездесті. 2000 жылдары еліміздің экономикалық өсу қарқыны артып, өндіріс орындары, кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрыла бастағанда техникалық мамандықтарға деген сұраныс та артты. Біздің техникалық мамандықтарымызды игерген түлектер жұмыспен қамтылуда қиындықтарға кездеспейді. Сондықтан да болар, соңғы 10-15 жылда университеттің техникалық мамандықтарында түсушілердің қатары көп. Ал соңғы үш жылда білім ордасының контингенті 25 пайызға артты,- дейді ректор.



Өзгелердің жаңалығы