ҚазАТУ студенттеріне тегін картоп таратты

1 Қазан 2019, 11:24
3103
Бөлісу:
ҚазАТУ студенттеріне тегін картоп таратты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың оқу кампусының тәжірибе алқабында егін жинау науқаны аяқталды. Алқапқа отырғызылған картоп биыл да мол өнім берді. 

71586063_3052785738125207_8910257711111733248_n.jpg

Университеттің егістік алқабында картоптан бөлек өзге де көкеніс түрлері мен түрлі дәнді-дақылдар өсіріліп келеді. Тәжәрибелік алқапта  зерттеу жұмыстарын жетекші ғалымдар мен бірге студенттер де зерттеулерге қатысады. Олар көктемде өздері отырғызған түрлі дақылдарды жинап алған мезгілге дейін бақылап жоба негізінде әр-түрлі зерттеулер жүргізіп отырады. Жаз бойына студенттер мен ғалымдардың бақылауында болған картоп өнімі бүгінде қоймаға жеткізілген, Университеттің басқарма басшылығының шешімімен қазіргі таңда университет студенттеріне тегін таратылып жатыр. 

71187391_941226739592996_7089264725195751424_n.jpg

Атап айтқанда ең алдымен асыраушысынан айрылған студенттерге және университетте қызмет атқаратын жалғыз басты әке, жалғыз басты аналар мен көпбалалы жандарға тегін үлестірілуде. Екінші кезекте өзге де студенттер, университет қызметкерлері мен оқытушыларына нарықтағы бағадан 4 есе төмен бағамен сатылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы