Тәжікстанға ұшатын рейстер көбейеді

20 Сәуір 2022, 10:50
1400
Бөлісу:
Тәжікстанға ұшатын рейстер  көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, «Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы