Тазалықты күн сайын жаяу тексеретін боламын – облыс әкімі

9 Сәуір 2024, 12:15
339
Бөлісу:
Тазалықты күн сайын жаяу тексеретін боламын – облыс әкімі
Фото: автордан

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ауыл-аймақтар мен моноқалалардың тазалығын, санитарлық жағдайын ерекше бақылауға алмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы қала мен аудан әкімдеріне көшеге шығып, өздеріне қарасты аумақты жаяу аралап, тазалықты тексеруге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аймақ басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне елдімекендердегі тазалық мәселесіне назар аудару керектігін айтты. Оның айтуынша, оған тазалық мәселесіне, үйілген қоқыстарға байланысты тұрғындардан үнемі шағым түседі. 

Маған қалалар мен ауылдардың санитарлық жағдайына байланысты ондаған шағымдар түседі. Көбісі кемшіліктерді жоятындықтарын айтып, уәде бергенімен, әзірге нәтиже мардымсыз. Енді мен күн сайын қаланы жаяу аралайтын боламын. Осыны ескеріңіздер, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.  

Тазалықты күн сайын жаяу тексеретін боламын – облыс әкімі

Сондай-ақ, облыс әкімі өндірістік кәсіпорындар мен жекеменшік компанияларға өз аумақтарын тазалап, қалыпқа келтіруді сапалы түрде жүзеге қажеттілігін тапсырды. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қар ерігеннен кейін қалалар мен аудандарды абаттандыру бойынша тапсырма берді. Біз соңғы екі күнде облыс орталығын араладық. Басқа қалаларды да аралайтын боламыз. Моноқалалар мен аудан әкімдері елдімекендердің жалпы жағдайына жауапты. Қазіргі уақытта осы мәселеге басты назар аудару қажет. Өздеріңіз сыртқа шығыңыздар. Мердігер компаниялардың жұмысын қадағалаңыздар, кемшіліктерді көрсетіңіздер. Тұрғындардың хабарламаларына, оның ішінде әлеуметтік желіге мұқият болыңыздар. Тұрғындар өздері бізге бұл бағытта белсенді көмек көрсетуде. Олар қай жерлерді тазалау керектігін сіздерге және мердігерлерге көрсетіп жатыр, - деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Тазалықты күн сайын жаяу тексеретін боламын – облыс әкімі
Өзгелердің жаңалығы