Бүгін Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы бойында орналасқан Орталық зиратта кезекті экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға қаланың әр ауданындағы комьюнити-орталықтардың өкілдері қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мемориалдық аймағын тазалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенбілік жалпыреспубликалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, биылғы жылы 80 жылдығы аталып өтетін Ұлы Жеңіске арналды. Шараға 200-ден астам жас атсалысып, ардагерлер ескерткіштерінің айналасын тазалады.

Бүгін біз тек сенбілікке келген жоқпыз, біз тарихқа тағзым етуге келдік. Менің атам да соғысқа қатысқан. Бұл жерге келу – мен үшін үлкен құрмет», – дейді Алмалы ауданынан келген волонтер Елдар Байгабылов.
.jpg)
Бұл шараның тәрбиелік маңызы зор. Қанымен, жанымен жеңіс үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Тазалық пен тәртіпке мән беру – салауатты қоғамның кепілі.
Жастардың осындай шараларға белсенді қатысуы маңызды. Біз тек тазалық орнатып қана қоймай, рухани тәрбие алып жатырмыз" , - дейді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық.