Таулы Қарабақта тағы атыс болды

12 Желтоқсан 2020, 20:29
1886
Бөлісу:
Таулы Қарабақта тағы атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді.

Бұл туралы zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды, - делінген хабарламада.

Әзербайжан тарапы аталмыш жағдай туралы түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы